Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Сыбаға»: Қарағандылық шаруалар асыл тұқымды мал сатып алу үшін қаржыландырылды

Опубликовано:

Еліміздегі етті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуға арналған «Сыбаға» бағдарламасы жемісті жұмыс атқарып келеді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бұл бағдарлама бойынша етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейтуге несие береді. Осы тетік арқылы малдың саны мен сапасын және ет экспортының әлеуетін арттыруға болады. Ол үшін шаруаларға барынша жеңілдіктер де қарастырылған.

«Сыбаға»: Қарағандылық шаруалар асыл тұқымды мал сатып алу үшін қаржыландырылды

Республикадағы малға жайлы, жайылымдық жері мол Қарағанды облысында «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алып, асыл тұқымды ірі қараның санын арттырып отырған шаруашылықтар баршылық.

Солардың бірі Абай ауданына қарасты Дубовский ауылдық округінің Алабас қыстағындағы «Ержанова К.Р.» шаруа қожалығының басшысы Алтай Әбішев 2018-жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып, оған асыл тұқымды ірі қара мен мал азығын сатып алған. Қолдағы малының сапасы мен санын арттыру үшін сырттан асыл тұқымды ірі қара әкелген шаруа елдегі ет экспортының әлеуетіне үлес қоспақ.

«Сыбаға»: Қарағандылық шаруалар асыл тұқымды мал сатып алу үшін қаржыландырылды
«Былтыр Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қарағандыдағы филиалынан «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 70 млн теңге несие алдым. Бұл қаржыға Ресейден «Ангус» тұқымды 104 бас ірі қара сатып алып келгенбіз және қаржымыз мал азығына да жетті. Қазіргі уақытта он адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта асыл тұқымды мал санын көбейтіп, шаруашылығымызды кеңейте түсуді жоспарлап отырмыз. Еліміздің ет экспортына үлес қоссақ дейміз», - дейді шаруашылық басшысы Алтай Әбішев.
«Сыбаға»: Қарағандылық шаруалар асыл тұқымды мал сатып алу үшін қаржыландырылды

Ал, Шет ауданының Бұғылы-Тағылы тауының етегінде орналасқан Дәрия ауылындағы «Салауат» шаруа қожалығының басшысы Жақсылық Сопыжанов 2018 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қарағанды облысындағы филиалынан «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие рәсімдеп, оған асыл тұқымды сиырлар сатып алған. Мемлекет беретін субсидиядан да үлесін алып, үлкен іске білек сыбана кіріскен. Жұмысын жолға қойған шаруа атакәсіптің арқасында ауқатты тұрады.

«2018 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 40 млн теңге несие рәсімдеп, оған Ресейден «Герефорд» тұқымды 69 бас сиыр сатып алып келдім. Қордың біз сияқты шаруаларға көрсетіп отырған қолдауы үлкен. Несие шарттары көңілімізден шығады. Екі жыл жеңілдік мерзімі бар. Бұл бізге үлкен жеңілдік. Өйткені, малымызды төлдетіп, шаруашылығымыздың әлеуетін көтеріп алғанша несие төлемейміз. Бүгінгі таңда бес адамды тұрықты жұмыспен қамтып отырмын. Алдағы уақытта Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан тағы несие алып, мал әкелу жоспарымда бар», - дейді Жақсылық Сопыжанов.
«Сыбаға»: Қарағандылық шаруалар асыл тұқымды мал сатып алу үшін қаржыландырылды

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қарағанды филиалының директоры Асқарбек Мақсұмхан «Сыбаға» бағдарламасымен несие алып жатқан шаруаларға жасалып жатқан жағдайлар мен жеңілдіктер туралы айтып берген еді.

«Сыбаға»: Қарағандылық шаруалар асыл тұқымды мал сатып алу үшін қаржыландырылды
«Биыл Қарағанды облысына «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 50 шаруашылықтың 3 500 бас мал сатып алулары үшін 2,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда 44 шаруашылықтан 2800 басқа өтінім қабылданды. Қазір 26 шаруашылық қаржыландырылып, 1 710 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алынды. Бағдарламаға тоқталар болсам, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры шаруаларға 70 миллион теңгеге дейінгі несиені 15 жылға 14 процентпен береді. Оның 10 процентін Үкімет субсидиялайды. 2,5 жылға дейінгі жеңілдік мерзімі бар», - дейді А.Мақсұмхан.

Айта кету керек, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие аламын деушілерге қойылатын азғантай талаптар да бар. Жұрт оны да ескере жүргені абзал. Алған несиеге мал, техника және мал азығы сатып алынуы тиіс. Ең бастысы шаруаның несие тарихы жақсы болуы керек және бюджеттің, қаржы институттары мен салық органдарының алдында мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс. Мал ұстайтын қора-жайы, талапқа сай жайылымдық жері болуы керек. Сонымен қатар, еркек тайыншаларды өткізетін бордақылау алаңдарымен келісімшарты болуы қажет. Егер, кепілдік жетіспеген жағдайда сатып алынатын мүлікті кепілдікке қою мүмкіндігі қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819226-sybaga-karagandylyk-sarualar-asyl-tkymdy-mal-satyp-alu-sin-karzylandyryldy/

pixel