RU
Мажағұлов қазақтың танымал азаматтарына атқа секіріп мінуді тапсырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Мажағұлов қазақтың танымал азаматтарына атқа секіріп мінуді тапсырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Белгілі музыкант, мәдениет жанашыры Болат Мажағұлов Instagram желісінде жаңа эстафетаны бастап кетті. Ол қазақ жұлдыздарына "Бәйге челлендж" деп аталатын атқа секіріп міну эстафетасын жолдады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айрықша эстафетамен ол өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

"Адамзат жылқыны өзіне ертеден-ақ серік еткен және ерекше қадірлеген. Бекболат ағамыздың "Атқа мінген қазақтың кеудесін ешкім баса алмайды" деген сөзі бар. Осындай ниетпен жақында ғана бастау алған атқа міну эстафетасын Сәкен Майғазиев, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және т.б. дос, бауырларыма жолдаймын", - деп жазған ол.

Жазба соңында айрықша эстафетаға "Бәйге челленндж" деген хэштег жазған.

Желі қолданушылары өнер иесінің айрықша чэлленджіне қолдау көрсеткен. Олар:

"Жарайсыз аға", "Сәттілік", "Нағыз қазақ жігітісіз" деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel