RU
Арыста зардап шеккен екі сапер госпитальдан шығарылды
Жаңалықтар Қоғам

Арыста зардап шеккен екі сапер госпитальдан шығарылды

Рассказать Вконтакте

21 қыркүйекте Арыс қаласындағы төтенше жағдайды жою барысында зардап шеккен екі әскери қызметшіні ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-клиникалық госпиталінен Алматыдағы өздерінің әскери бөлімдеріне орналастырды.

Арыста зардап шеккен екі сапер госпитальдан шығарылды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Медициналық мекеменің айтуынша, емделушілер әскери-дәрігерлік комиссиядан өтіп, қазіргі кезде олардың жағдайы қанағаттандырарлық.

Госпитальдан шығарылған әскери қызметшілер толықтай қалыпқа келгенге дейін әскери қызметтік міндеттерінен босатылды.

Қазіргі кезде қалған 8 әскери қызметші Алматы қаласындағы әскери госпитальде. Әскери дәрігерлер олардың жағдайын бірқалыпты деп бағалауда. Әскери-клиникалық гопиталінің бастығы медициналық қызмет полковнигі Самат Сәрсеновтің айтуынша қажетті аспаптық зертханалық-диагностикалық тексерулер жүргізіліп, жоспарлы ем қабылдау жалғасуда.

2019 жылы 21 қыркүйекте арнайы топ Арыс қаласынан 60 шақырымда орналасқан арнайы-жабдықталған полигонның аумағында шетел сарапшыларының нұысқаулары мен ұсынымдарына сәйкес, жоспарлы жару жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында жарылыс шұңқырының түбінде қол гранатасының тұтандырғыш бөлігінде жарылыс орын алды. Әскери қызметшілердің негізгі зардап шеккен бөлімдері терінің тілімделген жаралануы мен жұмсақ тіннің ұсақ жарқыншақтары (1-2 мм) болды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel