RU

Біртанов алматылық дәрігерлер ісінде қателік болуы мүмкін екенін жоққа шығармады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Алматы бас полицейі Серік Күдебаевтың ұлының өлімінен кейін тұтқындалған дәрігерлердің ісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, бұл жағдайда Қылмыстық кодекске сәйкес өз кәсіби міндетін тиісті деңгейде атқармаған деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары толығымен заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

Министр осы мәселеге байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бар екенін еске салды.

"Толыққанды сараптама жүргізіліп, себеп-салдарлық байланыс анықталуын, дәрігерлер тарапынан қандай да бір қателік немесе кәсіби міндетін тиісті деңгейде атқармау фактісі болған-болмағанын білу үшін біз және басқа да мемлекеттік органдар бұл жағдайды бақылауда ұстап отырмыз
Ондай жағдай болу мүмкіндігін де жоққа шығармаймыз. Бұған байланысты тергеу жүргізу Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретінде емес. Тиісті құқық қорғау органдары, Бас прокуратура бар. Олар да бұл мәселені бақылауда ұстап отыр деп ойлаймын", – деді министр.

Сондай-ақ ол медициналық қызметкерлердің дәрігерлердің тұтқындалуына байланысты наразылық білдірулерін түсінетінін жеткізді.

"Бас бостандығынан айыру түріндегі бұлтартпау шарасын белгілеудің қажеттілігі жоқ деп есептеймін. Дәрігерлер жұмыстарын жалғастыруы тиіс, себебі олар біліктілігі жоғары кәсіби мамандар.
Мемлекет басшысының бұл жағдайға қатысты алаңдаушылық білдіргеніне қуаныштымыз.
Тергеуді Қылмыстық кодекстің тәртіптеріне, заңнамаға сәйкес, эмоциясыз жүргізу керек. Егер кінәсі дәлелденсе, сот шешімін шығарады деп ойлаймын", – деді Елжан Біртанов.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртанов алматылық дәрігерлер ісінде қателік болуы мүмкін екенін жоққа шығармады
Mailfire view pixel