RU
Түрік генералының үйінде қызмет еткен өзбек қызы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Түрік генералының үйінде қызмет еткен өзбек қызы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстандағы Жизақ облысының 23 жастағы тұрғыны Надира Кадырова 24 қыркүйекте Анкарада отставкадағы генерал Ширин Уналдың үйінде құпия жағдайда қайтыс болды деп жазады Centralasian.org.

N8h3r utyfhfks

Фото: www.centralasian.org

Түрік баспасөзінің мәліметі бойынша, Надира Кадырова 24 қыркүйек күні таңғы уақытта генералға тиесілі тапаншамен жараланған. Бір сағаттан соң ол Анкарадағы Билькент ауруханасында қайтыс болды.

Жас қыз өзін-өзі өлтірді деген ақпарат тараған.

Түркияда билік басындағы партияның депутаты Ширин Унал бұл уақытта үйінде болыпты. Ол журналистерге жауап беруден бас тартты.

Надира Кадырова бір жылдан бері генералдың қарт анасына қараған.

Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Кадырова досы Лейлаға "Ағамның көзіне қалай қараймын. Өлгім келеді", - деп жазған. Бірақ Надира нақты не болғанын досына ашып айтпаған.

Өзбекстанның Анкарадағы бас консулдығы тергеуге араласа алмайтынын, қазір бұл істі түрік полициясы зерттеп жатқанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
0
3
2
16
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel