Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында балаға шабуылдаған түйені иесі сойып тастады

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында 6 жасар балаға қарай жүгірген түйе жеткіншектің денсаулығына айтарлықтай зиян тигізді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ааааа
Көрнекі фото: PxHere: UGC

Жануар 2013 жылы туған баланың мойыны және бетін жаралап, тері тініне зақым келтірген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жасөспірімнің амбулаторлық ем қабылдайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл оқиғаға қатысты полицияға арыз түскен.

«Түйеден зәбір көрген баланың әкесі шара қабылдау жөнінде өтініш жасады, ал түйенің иесі ірі қарасын сойып тастаған. Арыз шара қолдану үшін ветеринарларға жолданды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819253-aktbe-oblysynda-balaga-sabuyldagan-tjeni-iesi-sojyp-tastady/

pixel