RU
"Иә, мен жеңімпаз емеспін, ештеңе етпейді": Ильин мәлімдеме жасады (видео)

"Иә, мен жеңімпаз емеспін, ештеңе етпейді": Ильин мәлімдеме жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

"Иә, мен жеңімпаз емеспін – бірақ ештеңе етпейді" – әлем чемпионатындағы сәтсіздігіне байланысты осылай деген Илья Ильин әлі де түғырға көтерілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Спортшы соңғы 3-4 айда аянбай жаттығу жасағанын тілге тиек етті.

"Әрине, жеңімпаз атансам күшті болар еді. Бірақ, мақсат – он мен он төртінші орынның арасынан көріну болатын. Мен 13-ші болдым, жоспар бойынша жылжып барамын.
Қазақстан құрамасының маған қойған талаптарының барлығын орындап жатырмын. Иә, мен жеңімпаз емеспін – бірақ ештеңе етпейді", – деді Ильин өзінің Instagram парақшасында.

Ол өзінің басты мақсаты Токиода өтетін олимпиадада тұғырға көтерілу екенін атап өтті. Сол үшін талмай еңбектенетінін жеткізді.

"Мен тұғырға көтерілемін. Ұтамын немесе ұтыламын деп айтпаймын. Ең мықты – жеңіске жетеді, ол жерде де менің достарым болады. Барлығымыз да бірдей жеңіске ұмтыламыз. Бірақ бұл міндетті 99,9 пайызға орындаймын", – деді спортшы.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
0
0
1
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel