RU
Қызылордада бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы берілді

Қызылордада бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы берілді

Рассказать Вконтакте

Қызылорда қаласының әкімі Әлем чемпионатының жүлдегерлерін қаржылай сыйақымен марапаттады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылорда қаласында 25 қыркүйек күні ҚР спорт қайраткері А.Р.Досмайыловтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир өткізілді.

Турнирдің салтанатты ашылуына арнайы қатысқан қала əкімі Нұрлыбек Нәлібаев жарысқа қатысушы командаларға сəттілік тілей отырып, Ресейде өткен бокстан Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері атанған, көк байрақты көкте желбіретіп, еліміздің абыройын асқақтатқан Қамшыбек Қоңқабаев пен Тұрсынбай Құлахметке өзінің алғысын білдіріп, 450 000 теңге қаржылай сыйақымен марапаттады.

Сонымен қатар, қос дарабоздың жаттықтырушылары Жүсіпов Жәміл мен Төкенов Сейтжанға Қызылорда қаласының ең жоғарғы наградасы "Құрмет" Грамотасы және 300 000 теңге қаржылай сыйақы табыстады.

Жас былғары қолғап шеберлерінің өз мүмкіндіктерін паш етуге жол ашатын бұл додаға Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 16 командадан 165 спортшы қатысуда.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel