Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова азаматтарды қабылдады

Опубликовано:

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрлік ғимаратындағы "Адалдық алаңында" азаматтарды жұмыс және жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Фото: Мәдениет және спорт министрлігі
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі: Depositphotos

Министрмен кездесуге келгендер көтерген мәселе сан алуан.

Мәдениет қайраткері Майра Дәулетбақ шығармашылық кешін өткізіп беру туралы өтініш жеткізді. Ақтоты Рай​ымқұлова өнер адамының бұл өтініші орындалатынын айтып, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы мен Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Сәбит Барлыбаевқа тиісті тапсырмалар берді.

Фото: Мәдениет және спорт министрлігі
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі: Depositphotos

Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап, елде этнотуризмді көтеру мәселесін айтып келген Сарай Бақытқызының өтініші де қанағаттандырылатын болды. Ақтоты Райымқұлова Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Гүлзат Жуаспаеваға мәселені жан-жақты қарастырып, шешім қабылдауды тапсырды.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова тағы да басқа жеке мәселелерібойынша келген азаматтарды тыңдап, қабылдауда айтылған өтініштердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819264-mdeniet-zne-sport-ministri-aktoty-rajymklova-azamattardy-kabyldady/

pixel