Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік өнертапқыштар жол көрсететін "ақылды аяқ киім" ойлап тапты

Опубликовано:

Ресейдің ұлттық ядролық зерттеу университетінің оқушылары иесіне қайда бұрылу керек екенін айтып отыратын спорттық аяқ киім жасап шығарды. "Ақылды аяқ киімдердің" тағы бір ерекшелігі, олар жасалған қадамдар мен жойылған калорияларды есептеп береді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Бұндай ақпараттарды беретін сағат немесе мобильді навигатор сияқты түрлі гаджеттер бар.

Алайда, олар жүгіріп бара жатқан адамның назарын бөліп, жолдағы қауіптің деңгейін арттырады.

Оқушылар бұл мәселенің тиімді шешімін тапты. "Ақылды аяқ киім" белгіленген мекенжайға дейінгі бағытты көрсетіп отырады.

Бұл, мәселен қаланы білмейтін адамдар үшін де пайдаға асатын зат болмақ.

Оның жұмыс істеу тәсілі қарапайым: Егер сізге оңға бұрылу керек болса оң аяқ киім, солға бұрылу керек болса, сол аяқ киім дірілдейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819265-resejlik-nertapkystar-zol-krsetetin-akyldy-aak-kiim-ojlap-tapty/

pixel