Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық шешсін": Әлем чемпионы Нұрдәулетов Ла Крустың мәлімдемесіне жауап берді

Опубликовано:

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетов өзінен жеңілген Кубаның даңқты боксшысы Хулио Сесар Ла Крусқа жауап берді. Сондай-ақ, спортшы биылғы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуінің құпиясымен де бөлісті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz: Facebook

Еске сала кетейік, таяуда Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында Нұрдәулетов 81 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.

22 жастағы боксшы Ресейде өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуін дұрыс қойылған тактика мен ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибенің ұштасуы деп біледі.

Сонымен қатар, Нұрдәулетов жартылай финалда 4 дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының жеңімпазы, кубалық Хулио Сесар Ла Крусты жеңген еді.

Ол бұл жекпе-жек алдында еш қобалжымағанын, тек жаттықтырушының берген кеңесіне құлақ асқанын атап өтті.

"Ла Круспен ринкге шығардың алдында ешқандай қорқыныш болған жоқ. Ол да адам ғой. Сондықтан бұл жекпе-жекте уайымдаған жоқпын. Тек бапкерімнің айтқанын орындадым. Соның арқасында жеңіске жеттім", – дейді былғары қолғап шебері.

Әңгіме барысында Бекзат кубалық боксшы Хулио Сесар Ла Крустың "Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында төрешілер әділетсіздік жасады" деген мәлімдесіне қатысты өз ойын білдірді.

"Әрбір адам өз пікірін айтуға құқылы. Бұл жекпе-жекте 5 төреші отырды. Олар ақылдаса келе, өз шешімдерін шығарды. Сонымен қатар, бұл жекпе-жекті көрермендер көрді деп ойлаймын. Сондықтан кім жеңгенін халық шешсін", – дейді спортшы.

Сондай-ақ әлем чемпионы алдағы жоспарымен бөлісті.

"Ендігі мақсатым – Олимпиадаға жолдама алып, көк туымызды желбірету, Олимп шыңын бағындыру. Сол үшін дайындалып жатырмын", – деп түйіндеді Бекзат Нұрдәулетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Хулио Сесар Ла Крус әлем чемпионатындағы жеңілісне қатысты пікір білдіріп, бесінші рет әлем чемпионы болу мүмкіндігінен әділетсіз айырылғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819269-halyk-sessin-lem-cempiony-nrduletov-la-krusty-mlimdemesine-zauap-berdi/

pixel