Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш адам ауыр жараланған": Алматы облысындағы той пышақтасумен аяқталды

Опубликовано:

Алматы облысындағы үйлену тойында төбелес шығып, ақыры пышақтасумен аяқталды. Жанжал салдарынан үш адам ауыр жараланған деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Телеарнаның мәліметінше, қонақтарға пышақ ала жүгірген күдіктіні тәртіп сақшылары көп ұзамай қолға түсірген.

Тойдағы төбелес таспаға түсіп қалған. Өзара ерегіскен қонақтар сыртқа шығып тынышталғандай болады. Алайда жанжалдасып қалған топ тарамапты.

Қып-қызыл төбелес мейрамхананың көлік тұрағында жалғасқан. Ақыры пышақ ала шыққан қонақтың бірі ерегісіп тұрған топқа қарай тап береді. Соның салдарынан үш адам ауыр жарақаттанған.

Дәрігерлер олардың бірінің халі нашар деп отыр. Пышақ оның өкпесіне тиген екен.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

"Аталған күдікті кәмелеттік жасқа толмаған кезінде де осы тәріздес қылмыспен құқық қорғау органдарының көзіне түсіп сотты болған", – дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1819275-almaty-oblysyndagy-toj-pysaktasumen-aaktaldy/

pixel