RU
"Әлі онша жақсы емес": Аружан Саин неге қазақ тілінде сөйлемейтінін айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Әлі онша жақсы емес": Аружан Саин неге қазақ тілінде сөйлемейтінін айтты

Рассказать Вконтакте

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қазақ тілді журналистерден кешірім сұрап, қазақша ауызекі сөйлесе алатынын, бірақ мамандығына қатысты терминдерді айтуға қиналатынын жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Аружан Саин өзінің алдағы жоспарын таныстырды.

Жарты сағаттан астам уақыт сөйлеген ол өз баяндамасын толығымен ресми тілде жасады. Осыдан кейін қазақ тілді журналистер оған ескерту жасап, мемлекеттік тілде сөйлеу керектігін жеткізді.

"Менің қазақ тілім әлі онша жақсы емес. Специфика жағынан... терминдерді пайдаланғанда маған қиын. Сіздермен жай сөйлесе аламын. Бірақ біздің мәселелеріміз туралы әлі айта алмаймын. Әрине, күн сайын қазақ тіліндегі мәтіндерді оқып, жаттап, сөйлеуге тырысамын. Бірақ кешіріңіз...болашақта. Біріншіден, уақыт керек оған. Қазір уақыт жоқ", – деді Аружан Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баспасөз мәслихаты барысында барлық интернаттарды жабуды ұсынды. Оның айтуынша, кәсіби фостерлік отбасылар болса, балалар үйлерін толығымен жауып тастауға болады.

"Қазақстанға шамамен 350-500 фостерлік отбасы қажет. Себебі жыл сайын 1 500 бала ата-анасының асырауынсыз қалып жатады. Сонда бір фостерлік отбасы 3-5 баланы алса, қазіргі интернат мәселесін толығымен шешуге болады", – дейді Аружан Саин.
Сіздің реакцияңыз
7
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel