RU
Блогер Руслан Жанпейісов қамаудан босатылды (видео)

Блогер Руслан Жанпейісов қамаудан босатылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Танымал шымкенттік блогер, қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов қамаудан босатылды. Ол бостандыққа шыға сала, жол ережесін бұзған екі жүргізуіші туралы видео салды деп хабарлайды Otyrar.kz арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Басылымның хабарлауынша, Жанпейісовты прокуратура оны тұтқындау туралы үкімінен бас тартқан соң бостақан.

"Іс әзірге сотқа дейін жеткен жоқ. Оны бір тәулікке заңсыз қамаған болып отыр. Оның кінәсіз екенін дәлелдейтін боламыз", - деді блогердің қорғаушысы Закир Асадов.

Изолятордан шығып үлгермеген Жанпейісов өзінің әдетттегі ісін қайта бастаған. Ол жол ережесін бұзған екі жүргізушіні көріп, оны құқық қорғаушыларға жеткізген. Жүргізушілерді оқиға орныанан табу мүмкін болмаған. Оның видеоға түсірген автокөліктерін арнайы тұраққа жеткізу үшін эвакуаторға тиеп әкетіпті.

Сонымен бірге оның Instagram парақшасында үйінде жүрген видеосы да пайда болды.

"Мен сіздерге шыққанымды айтқым келеді. Қазір үйдеміз. Осы екі күн менімен болып, қолдап, уайымдағандарыңыз үшін рахмет", - деп алғысын білдірді ол.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
4
4
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel