RU
Головкин Деревянченкомен жекпе-жегі қарсаңында мәлімдеме жасады

Головкин Деревянченкомен жекпе-жегі қарсаңында мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин украиналық боксшы Сергей Деревяченкомен өтетін кездесуі алдында мәлімдеме жасап, өзінің мансабындағы басты қарсыласын атады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Boxinginsider.com журналисімен сұхбаттасқан GGG өзін әлі күнге дейін чемпион деп есептейтінін айтты.

Сонымен бірге, боксшы өзінің мансабындағы ең басты қарсыласы нақты бір адам емес, өзінің жасы екенін айтқан.

"Менің ең үлкен қарсыласым - нақты бір адам емес, менің жасым мен мотивациям. Мен Деревянченкомен өтетін алдағы кездесуге қуаныштымын. Маған Нью-Йорктегі бокс атмосферасы ұнайды", - деді боксшы.

Сондай-ақ, Головкин қазір бар күш-жігерімен жұмыс жасап жатқанын атап өтті.

"Мен арнайы біреуден үлгі алмаймын. Менің жасымда қаншалықты күш-жігермен жұмыс жасауға болса, солай жасаймын. Енді бокс табынушылары мен сыншыларының жігері жете ме деп бағалауға мүмкіндіктері болады", - дейді Головкин.

Геннадий өзін тамаша сезінетінін және жекпе-жекке дайын екендігін айтты.

"Бұл біз үшін жылдың үлкен шайқасы болмақ", - деп қысқа қайырды ол.

Естеріңізге салсақ, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі келесі сенбі, 6-қазанда, Нью-Йорктегі Мэдисон-сквер-гарден аренасында өтеді. Олар IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel