Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті кезде жыныстық қатынаста жиі болу - босануды жеңілдетеді

Опубликовано:

Адуынды апаларымыз айтатындай, жүктілік – ауру емес. Иә, қиындығы мен денсаулыққа байланысты күрделілеу өтетін жүктілік те бар. Дегенмен, құрсаққа бала біткен соң оны "дерт" секілді қабылдауға болмайды. Ernur.kz ақпараттық порталының жазуынша жүкті кезде жыныстық қатынасқа түсу оңай босануға және толғақ шақыруға көмектесетін көрінеді.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Жүкті әйелдер үшін де еркек шауһатының пайдасы көп. Еркектік гормондар, ферменттер мен сперма құрамындағы өзге де заттар жатыр мойнын жұмсартып, босану кезінде мейлінше еркін ашылуына көмектеседі. Соның арқасында босануы кезінде жатыр мойнының жарақаттануы орын алмайды.

Сонымен қатар, жыныстық жақындасу басқа да кез келген дене еңбегі секілді ағзадағы қанайналымын жылдамдатады. Ал қан айналымының дұрысталуы ағзаның барлық мүшесіне пайдалы. Айтпақшы, жүкті кезде жыныстық қатынаспен еркін айналысқан әйелдің босану кезінде шабын еркін аша алуына мүмкін береді. Яғни, босану кезіндегі әрекеттерге жаттығу деген сөз. Босану сәті оңай болсын десеңіз, жыныстық қатынастан себепсіз бас тартып қателік жасай көрмеңіз.

Оргазм кезінде бөлінетін окситоцин гормоны жүктіліктің соңғы күндеріне жеткенде көп көмектеседі. Бұл заттың жатырдың әлсіздеу жиырылуына әсер етеді. Яғни, ол – босануға дайындық, себебі, жатырдың әлсіз жиырылуы жаймен басталған толғақ іспеттес. Осылайша жатыр жиі жаттығып, бұлшықеттері шымыр бола түседі. Ал бұл босану кезінде ауадай қажет. Босану кезінде әйел үшін қажетті тегін де ләззатты қатынастан бас тарту дұрыс па?

Егер жатыр да, құрсақтағы бала да жетіліп, тіпті босану уақыты асып бара жатса, онда да жыныстық қатынас жақсы көмектесе алады. Босану уақыты өтіп бара жатқан әйелге тіпті, дәрігерлердің өзі күйеуімен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынады. Мұндайда әсіресе, мүшеқапсыз жыныстық қатынас қажет болады. Мұның себебі, сперма құрамында болатын простогландин деп аталатын ерекше бір заттың болуы.

Ал ол ашылмай жатқан жатыр мойнын жұмсартып, жетілуіне тікелей септігін тигізеді. Перзентханаларда кейде жатыр мойны ашылмай жатқан әйелдерге гель түріндегі жасанды простогландин егіледі. Дегенмен, оның табиғи түрі анағұрлым жақсы әсер етеді. Бірақ екі түрлі жағдайда босану алдындағы жыныстық қатынасқа рұқсат жоқ: жатырдан су кеткенде немесе еркектің жыныс мүшесінде жұқпалы инфекцияның жоқ екеніне күмән болғанда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819306-zkti-kezde-zynystyk-katynasta-zii-bolu---bosanudy-zeildetedi/

pixel