Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуім келсе, енем екеуіміз жүгіріп шығамыз

Опубликовано:

Ене мен келін тақырыбы бірнеше уақыттан бері жиі көтеріліп жүр. Оқырмандардың келіні енесіне немесе керісінше көңілі толмай, ақыл сұрайтындары көп. Солардың бірі 20 жастағы жас келіншек күйеуі келсе енесі екеуі бірге шығатынын айтып, шағымданды деп жазады Алаш айнасы.

Көрнекі фото: larisa-sitnikova.ru
Көрнекі фото: larisa-sitnikova.ru: Facebook
"Сәлеметсіздер ме, қымбатты оқырман! Менікі дұрыс па, бұрыс па? Жас болган соң мүмкін жастықтың жетегінде жүрмін бе? Қазір мен 20-дамын, жақында тұрмысқа шықтым,  аяғым ауыр.  Күйеуімді қатты жақсы көрем, ол да мені жақсы көреді, сыйлайды, одан ешқандай кемшілік жоқ. Тек бір нәрсе көңілімді басынан бастап алаңдата береді. Енем менімен жарысып күйеуімнің киімдерін жуады. Мен жуып қойсам, жинап үтіктейді. Мен оны түнде күтіп отырсам, ол да кырсығып отырып алады. Күндіз "шаршадым, аяғым, басым ауырды" деп жүреді, бірақ түнде орнына барып жатпай қояды. 

Үлкен кісілер ерте ұйықтаушы еді, ол кісі менімен бірге баласын күтіп отырады. Мен күйеуіммен жеке қалып отырып сөйлескім келеді, оған қызмет еткім келеді. Жас отбасымыз, екеуміз оңашада қалған дұрыс деп те ойламайды, үнемі үшінші  болып арамызда жүреді. 

Міне, дәл қазір мен күйеуімді күтіп отырмын, ол тамақ ішіп алған соң сыртқа шығып кеткен. Менімен жағаласып енем де отыр. Ұлы келе салысымен "күні бойы тыным таппадым, шаршадым, анан-мынаны істедім" деп киналып айтып отырады.  Енем мені үйдің  тірлігіне араластыра бермейді. Бірақ шашам келгенше қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Мен міндетсініп жатқан жоқпын ғой.  Маған киын емес.

Енем  қайын атама олай көңіл бөлмейді. Екеуміз ойнап, бір-бірімізді қуып журсек, көңіл-күйі болмай, тұнжырап отырып алады. Күйеуім анасын жақсы көреді, оған барынша көңіл бөледі. Оның көзінше мені еркелетпейді, аса жолай бермейді. Негізі анам атам екеуі бір-бірін ұнатып үйленген екен. Онда неге бізді түсінбейді? Ол кісі менен баласын қызғануын қояр ма екен? Қазір күйеуім келсе, екеуміз жарысып есік ашамыз", - деп көпшіліктен ақыл сұрады жас келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819317-kjeuim-kelse-enem-ekeuimiz-zgirip-sygamyz/

pixel