RU
Әр балаға 11 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленеді: Министрлік ресми жауап берді

Әр балаға 11 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленеді: министрлік ресми жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қазаннан бастап отбасының табыс көзін есептемей, әр балаға берілетін 11 мың теңге көлемінде жәрдемақы туралы әртүрлі мессенджерлерде тарап жатқан хабарламаларға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Еңбек министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство хабарламаның шындыққа сай келмейтінін және жалған екенін айтты.

" Бүгінгі таңда бала тууды ынталандыруға және балаларды отбасында тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер жүйесі ұсынған балалы отбасыларды қолдаудың ұлттық моделі құрылды:

бала тууына байланысты жәрдемақы (бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы мөлшері 95 950 теңге (38 АЕК), төртінші және одан да көп бала үшін - 159 075 теңге (63 АЕК);

- бір жасқа дейінгі баланың күтіміне арналған жәрдемақы (биылғы жәрдемақы мөлшері бірінші балаға 5,76 АЕК - 14 544 теңге, екінші балаға 6,81 АЕК - 17 195 теңге, үшінші балаға 7,85 АЕК - 19 821 теңге, төртінші және одан көп бала үшін 8,90 АЕК - 22 473 теңге);

- мүгедек баланы ересек болғанға дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына тағайындалған және төленген жәрдемақы (оның мөлшері 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап орташа есеппен 41 418 теңге (1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі)

- бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі  бар азаматты күтуге төленетін жәрдемақы (2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, 41 578 теңге (13.4 ең төменгі күнкөріс деңгейі)

Сондай-ақ, Қазақстанда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағына ие болған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы табысына қарамастан төленеді (мөлшері 16 160 теңге).

Сонымен қатар, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жәрдемақы төленеді, 2019 жылы жәрдемақы мөлшері – 10 504 теңге.

Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдерге босануы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.

Сіздің реакцияңыз
41
4
1
7
5
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel