RU

Алматы облысында 47 мектеп оқушысы мінген автобус жол апатына ұшырады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында мектеп оқушылары мінген автобус жолдың шетіне шығып кетті. Тоғыз бала зардап шеккен деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған. Жол апатына Алматыдағы №134 лицейдің тоғызыншы сынып оқушылары түскен деп хабарланды. Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай,жолдың шетіне шығып кеткен.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, жол апаты Жамбыл ауданында, балалар Тамғалы-Тас шатқалына экскурсияға бара жатқан жолда болған. Нәтижесінде, тоғыз мектеп оқушысы жарақат алған Олар ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына аудан әкімі, прокуратура өкілі, полиция мен шұғыл құтқару қызметі келді.

Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында 47 мектеп оқушысы мінген автобус жол апатына ұшырады (фото)
Mailfire view pixel