Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі интернат-үйдің директорына 22 млн теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

Ақтөбеде психоневрологиялық интернат-үйінің директорына қатысты үкім шықты. Әйел пара бергені үшін сотқа тартылды. Соттың шешімімен ол 22 миллион теңгеге айыппұл арқалады деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Интернат-үйдің бұрынғы директоры өзінің мекемесіне тексеріспен келген соң, жергілікті прокурорға 1,5 млн теңге көлемінде пара бермек болған.

Тексерушілер интернат жұмысы мен шығындарды, сонымен қатар науқастардың қандай жағдайда тұрып жатқанын тексереді. Әйел адам мекеменің жұмысындағы заң бұзушылықтарды жасырмақ болып, ауызбастырық ретінде ақша ұсынған.

Өз ісінің жазасы ретінде, Клавдия Пак мемлекетке айыппұл төлейтін болды. Айыппұлдың көлемі - 22,5 млн теңгені құраған.

Одан бөлек, әйел өмір бойына басшылық қызметке отыру құқығынан айырылды. Сондай-ақ, ол бұрын марапатталған "Шапағат" ордені де кері қайтарылды.

Клавдия Пак интернат-үйде 20 жыл жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819341-aktbedegi-internat-jdi-direktoryna-22-ml-tege-ajyppl-salyndy/

pixel