Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында телефонын зарядтап ұйықтаған қыз көз жұмды

Опубликовано:

Алматы облысы Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылында ұялы телефонын қуаттау үшін токқа қосып, ұйықтап қалған оқушы қыз мерт болды. Дәрігерлердің сараптамасы бойынша жеткіншекті тоқ соққан деп хабарлайды ҚазАқпарат.

тттттт
Көрнекі фото: PxHere: Depositphotos

Марқұм болған қыз бала 9 сыныптың оқушысы.

Ол ұялы телефонын зарядтау үшін тоққа қосып, ұйықтап қалған.

28 қыркүйек күні таңертең жасөспірімнің көз жұмғаны белгілі болды. Алматы облыстық Полиция департаментіндегілер қайғылы оқиғаны растады.

«Марқұмның денесінде қинап өлтіру белгілері жоқ. Дәрігерлердің сараптамасы бойынша, жасөспірімды тоқ соққан. Тергеу жұмыстарын Қаратал аудандық Полиция бөліміндегілер жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1819355-almaty-oblysynda-telefonyn-zaradtap-jyktagan-kyz-kz-zmdy/

pixel