Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арыстаным": Сара Амангелді жүрегін жаулаған жігітін елге жария етті (фото)

Опубликовано:

Атышулы "КешYou" тобының экс-әншісі, актриса Сара Амангелді көптен бері ел назарынан жасырын ұстаған сүйіктісін көрсетті. Гүлнұр Мамасарипованың қызы өз бақытын тапқанын жұртқа жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін "менің арыстаным" деп жүзін жасырған жігітімен түскен суретін Сара күні кеше өз парақшасына жариялады.

Жас әнші көпшілікті сүйсінткен фотоға "Махаббатым" деп анықтама берген.

Суреттен қол ұстасқан қос ғашықтың мейрамханада отырғанын байқауға болады. Алайда олар оңаша кездесуге емес, тойға қонақ болып келген екен.

Желі қолданушылары актрисаға таусылмас бақыт пен махаббат тілеп, екеуінің жарасымды жұп екендерін жарыса жазды.

Сондай-ақ, Сараның жүрегін жаулаған азаматтың әншіден жас көрінетінін жазғандар да болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819381-arystanym-sara-amangeldi-zregin-zaulagan-zigitin-elge-zaria-etti-foto/

pixel