RU
Тұңғышбай Жаманқұловпен дуэт болған Бақаева көпшілікті сүйсінтті (фото)

Тұңғышбай Жаманқұловпен дуэт болған Бақаева көпшілікті сүйсінтті (фото)

Рассказать Вконтакте

Өткен аптада ұлттық арнада бастау алған "Екі жұлдыз" жобасының екінші сегіздігі көрерменге таныстырылып, олар өзара бақ сынады. Жарыста жарқыраған өнер иелерінің арасында әйгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов пен актриса әрі әнші Салтанат Бақаеваның жұбы жоғары ұпай иеленіп, елдің ыстық ықыласына бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматыдағы М. Әуезов атындағы драма тетарында қызмет ететін қос әртіс байқаудың бірінші кезеңінде патриоттық ән шырқады.

Олар Батырхан Шүкеновтің репертуарындағы "Отан әнін" таңдаған.

Қазылар алқасы Жаманқұлов пен Бақаеваның орындауына риза болып, ең жоғары деген ұпайлармен бағалады. Сондай-ақ, бағдарлама ережесі бойынша залдағы көрермендер де дауыс беріп, аталмыш жұп қатысушылар арасында көш бастады.

Жобаны көгілдір экраннан тамашалаған телекөрермендер де Тұңғышбай Жаманқұлов пен Салтанат Бақаеваға қолдау көрсетіп, желі арқылы жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
2
3
1
1
1
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel