Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 1500-ге жуық адам қатысқан жүгіру марафоны өтті (видео)

Опубликовано:

28 қыркүйек күні Қызылордада қала күні аясында жүлде қоры 500 000 теңгені құрайтын марафон өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қызылордада 1500-ге жуық адам қатысқан жүгіру фарафоны өтті (видео)
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі: Facebook

Жарыс жолы 5,5 шақырым қашықтықты құрайтын "Салауатты-Қызылорда" марафоны 1500-дей спорт сүйер қауымды қамтыды.

Желаяқтар жарысында қала тұрғындарынан бөлек, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарының әуесқой спортшылары арнайы келіп, спорт­тық шарада өз бақтарын сынады.

Межелеген қашықтықты бағындыруда 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар және 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер арасында 4 топта жарысты. Жарыс Сұлу Сырдың символына айналған "Сыр-Ана" монументінен бастау алып, "Евразия" мәдени спорт кешенінен аяқталды.

Салауатты өмірді ұстанған марафон жеңімпаздарын қала әкімінің орынбасары Мира Қазбекова жеңістерімен құттықтап, дипломдар мен қаржылай сыйақылар табыстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819395-kyzylordada-1500-ge-zuyk-adam-katyskan-zgiru-farafony-tti-video/

pixel