RU
Алматыда өткен феминистер митингінде төрт адам ұсталды

Алматыда өткен феминистер митингінде төрт адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда 28 қыркүйек күні феминистердің рұқсат етілген митингісі кезінде төрт адам ұсталды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

митинг

Фото: NUR.KZ

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 28 қыркүйек күні «Сарыарқа» кинотеатрының алдындағы саябақта өткен әйелдердің құқығын қорғауға арналған рұқсат етілген митингте қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде полиция қызметкерлері наразылық білдірушілерге қатысты заңсыз әрекеттер жасамақ болған төрт адамды ұстады. Олардың бірінен бұрыш спрейі табылған.

Бұл адамдар Әуезов ауданының полиция бөліміне жеткізіліп, оларға заң бұзушылықтың алдын-алу туралы және заңдық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel