RU
"Нағыз жұлдыз": Арбадағы арумен ән салған Әmre жұртты тамсандырды (фото)

"Нағыз жұлдыз": Арбадағы арумен ән салған Әmre жұртты тамсандырды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Екі жұлдыз" тележобасында бақ сынаған спортшы қыз Севда Әлиева мен Әmre лақап атымен танылған әнші көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Көрермендер мен қазылар алқасы паралимпиадашы ару мен Ернар Садырбаевтың дауыстарына тәнті екендерін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Каратэ және би бойынша Қазақстан құрамасында өнер көрсететін Севда - мүмкіндігі шектеулі жан.

Алайда арбаға таңылған ару спорттан бөлек әншілік те қабілеті барын көрсетіп, "мүмкіншіліктері шексіз"екенін жұртқа тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әmre мен Севда шоудың алғашқы кезеңінде әйгілі әнші Леди Гаганың репертуарындағы танымал "Shallow" әнін шырқады.

Бірінші турдың өзінде ағылшынша ән салған жұлдызды жұп көрермендердің қошеметі мен баға беруші қазылардың жоғары ұпайына ие болды.

Қатысушы сегіз жұп арасында дауыс беру нәтижесінде ең көп балл жинаған Садырбаев пен Әлиева келесі кезеңге өтті.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
2
2
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel