RU
Геннадий Головкин: Альварес менімен төбелесе алмайды
Жаңалықтар Қоғам

Геннадий Головкин: Альварес менімен төбелесе алмайды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жек өткізгісі келмейтіні туралы пікір білдіріп, Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жек алдындағы көңіл-күйімен бөлісті деп хабарлайды Prosports.kz

"Мен өзімді чемпион сияқты сезінемін. Мен үшін әр жекпе-жек чемпиондық атақ үшін талас. Барлық жекпе-жек мен үшін бірдей маңызды.

Альварес менімен төбелескісі келмейді немесе төбелесе алмайды. Ковалевке қарсы жекпе-жекке шығуды жөн көрді.

Жалғыз таңдауы сол еді. Шамасы, ол қиындықтарға тап болған секілді. Біз жекпе-жек өткізуді ұсындық, ол бас тартты.

Қарсыластан қашан да сақтану керек, жоғарғы дәрежеде бағалау керек.

Кез келген жекпе-жекке тыңғылықты дайындалу керек. Себебі, ол сен үшін соңғы болуы әбден мүмкін.

Деревянченконың біздің жекпе-жегімізге деген көзқарасы және оның маған деген құрметі Сергейдің қаншалықты мықты дайындалғанын, ол үшін бұның бәрі өте маңызды екенін көрсетеді», - деді Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко 5 қазан күні кездеседі. 

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel