Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шынжырмен байлаулы": 300-ден аса адамды азаптаған "діни мектеп" табылды (фото)

Опубликовано:

Нигерияның Кадуна қаласында құқық қорғау органдары діни мектептің атын жамылған "азаптау үйін" тапты. Бұл туралы Foxnews.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Foxnews.com
Фото: Foxnews.com: Twitter

Басылымның хабарлауынша, "діни мектепте" 300-ден аса ер азамат пен кішкентай балақай азапқа салынған. Ешқайда шыға алмай, шынжырмен байланған олар аштықтан да зардап шеккен.

"Біз құрбандарды тауып алдық. Олардың тұрған жағдайы адам шошырлық. Көбісі шынжырмен байлаулы болды",- деді жергілікті полиция өкілі Якубу Сабо.

Ғимарат иелерінің айтуынша, адамдардың көбі балаларын діни тағылым алу үшін өздері әкелген. Дегенмен олардың қатарында наркотәуелділіктен арылуды жоспарлағандар да бар екен.

Фото: Foxnews.com
Фото: Foxnews.com: Facebook

Тұтқындардың бірі аяғындағы шынжырмен үш ай жүрген. Ал қалған "оқушылардың" денелерінде тілімдер анықталған.

Құтқарылған жандар Кадунда уақытша стадиондағы лагерьге орналастырылды. Жергілікті билік балаларын "мектепке" тастаған туыстарын іздеуде.

Құқық қорғау қызметкерлері "мектеп" иесі мен алты "ұстазды" тұтқындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819445-synzyrmen-bajlauly-300-den-asa-adamdy-azaptagan-dini-mektep-tabyldy-foto/

pixel