Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәскеу аруы" Малайзия экс-королінің отбасындағы қайғысы туралы хабарлады

Опубликовано:

Ресейлік модель Оксана Воеводина өзінің бұрынғы қайын атасы - малайзиялық сұлтан Исмаил Петраның қайтыс болғанын хабарлады. Ол бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Bernama агенттігінің мәліметінше, 69 жастағы сұлтан 28 қыркүйек күні Кота-Бару қаласындағы Корольдік ауруханасының палатасында көз жұмды.

Ол 1979-2010 жылдары Келантан сұлтандығының басшысы болған.

Исмаил Петраның артында төрт баласы мен 50 жылдай серігі болған әйелі Анис қалды.

Еске сала кетсек, "Мәскеу аруы - 2015" атанған Оксана Воеводина өткен жылдың қарашасында V Мұхаммедке тұрмысқа шықты.

2019 жылдың маусымында олардың алғашқы сәбилері өмірге келді. Алайда, бір айдан кейін бұрынғы корольдің орыс әйелімен ажырасқаны белгілі болды.

Бірнеше күн бұрын "Мәскеу аруы" бірінші рет Мұхаммедтің одан қалай қашқанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819447-mskeu-aruy-malajziany-eks-korolini-kajgysy-turaly-habarlady/

pixel