Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саунада еркектерге қорлық көрсеткен келіншек пен сыбайласы ұсталды

Опубликовано:

Татарстандық жұп белгісіз азаматтарды саунаға әкеліп, қорлық көрсеткен. Олар бұл масқараны видеоға түсіріп, артынша адамдарды бопсалаған деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Келіншек құрбандарын әлеуметтік желіден тауып, оларды саунаға бірге демалуға шақырған. Кейіннен ол жерге танысы келіп, екеуі бірге азаматтарды пышақпен қорқытқан.

Бұл масқараны видеоға жазып алған жұп артынша адамдарды бопсалап, ақша талап етіпті. Сондай жағдайлардың бірінде, тіпті, қаскөйлер сұраған қаражат 107 900 теңггеге жетіпті.

Құқық қорғау органдары қылмыскерлер аз дегенде үш шабуыл жасағанын анықтады. Қазір тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Азамат заңсыз бас бостандығынан айыру, сексуалды қорлық және бопсалау бойынша айыпталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819451-saunada-erkekterge-korlyk-krsetken-kelinsek-pen-sybajlasy-staldy/

pixel