RU
"Бір адам келсе де": Отандық әнші алғашқы кешін "подземкада" өткізді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бір адам келсе де": Отандық әнші алғашқы кешін "подземкада" өткізді

Рассказать Вконтакте

Ешкімге ұқсамайтын өзіндік стилімен ерекшеленіп, өнер әлемінде дара жолын қалыптастырып келе жатқан әнші Назарбек Оразбеков Алматыда концерт өткізді. Бір қызығы, ол өзінің алғашқы кешінде тыңдармандарды жер асты өткеліне шақырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

27 қыркүйек күні Жібек жолы аялдамасындағы жер асты өткелінде болған ерекше кешке әншінің нағыз жанкүйерлері жиналған.

Әндерін өзі шығарып, өзі орындайтын талант иесі репертуарындағы алғашқы концертінде танымал әндерден бөлек жаңа туындылардың да тұсауын кесті.

Тыңдармандар бірыңғай жанды дауыста, аспаптардың сүйемелдеуімен ән салған Назарбектің өнеріне тәнті болып, қошеметтерін білдірді.

Журналистер мен тыңдармандарын мазалаған түрлі сұрақтар Назарбекке жиі қойылған көрінеді.

Бұл әзірге тек бастама екенін айтқан өнер иесі неліктен авторлық кеш "подземкада" өткенін түсіндіріп өтті.

"Өзіме осылай комфортно, әрі қызық болды.

Бұл жерде басты мақсат: аз да болсын өнерімді бағалайтын тыңдармандарыммен шынайы әрі қарапайым, еркін атмосферада жүздескім келді.

Мен бұл кешке 5-6 адам, тіпті 1 адам келсе де концерт беруге дайын болдым! Себебі өнерімді шын бағалайтындар санаулы.

Бұл күнге дейін мен әнді хит-ке лайықтап жазбағанмын. Көңіл күйім,ішкі дүнием нені қалайды,сол ән арқылы жырланады.
  • Әр әнім – менің ішкі шерім.

Сосын неге кештің бәрі арнайы концерттік залда бола беру керек? Осындай форматтағы кешке де орын болу керек деп ойлаймын.

Сондықтан алда сіздерді тағы бір ерекше локацияда "авторлық кеш" күтіп тұр!", - деді Назарбек.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel