Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайыршы күйде": Ақтөбелік діндар жігіт баласы ауру болғаны үшін жанұясын тастап кеткен

Опубликовано:

Ақтөбеде дін жолында жүргендер арасында жалғызбасты аналар аз емес. Өңірде әйеліне еш себепсіз "ұнамайсың" деп талақ айтатындар көбейген. Облыстың өкіл имамы жамағат арасындағы жағдайды баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"Кейбір азаматтардың талақ етіп тастап кеткен әйелдері мешіттен көмек сұрап жүр. Тастап кету себебін әр келіншек әртүрлі түсіндіреді.

Мәселен, 25 жастағы 4 баланың анасы бір баласы мүгедек болып туылған соң теріс ағым ұстанушы күйеуі тастап кеткен. Енді кейбірі еш себепсіз-ақ, ұнамайсың деп әйелін бала-шағасымен тастап, талақ берген.

Міне, осындай жас келіншектер шарасыздықтан мешіттерден көмек сұрайды. Егер күйеулері қамқорлығына алса, олар бұлай қайыршының күйіне түспес еді ғой.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: "...Ер адам өз отбасының бақташысы. Ол отбасындағылар үшін жауапты" деген. Мейлі, тағдырлары тоғыспай, ажырасқан күннің өзінде әке бала-шағасын қамтамасыз етуге міндетті. Құлшылықтан не пайда, егер ер адам табысын жасырып, өз ұл-қызына алимент төлеуден қашатын болса?! Бұлай жасау күнә",-дейді ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби қажы Оспан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819456-aktbede-dindar-zigit-kenzesi-mgedek-bolyp-tuylgan-so-trt-balasyn-tastap-ketken/

pixel