RU

Күйеуі екеуінің арасына от салатын енесінен шаршаған әйел мұңын шақты

Әлеуметтік желіде енесінің сөздері мен әрекеттерінен шаршаған әйел өз оқиғасымен бөлісті. Тұрмыстағы келіншек отбасындағы ұрыс-керіс күйеуінің анасының араласуымен басталатынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Instagram

Әйел адам жан сырын Instagram желісіндегі Ushbu_hat тобында ақтарды.

"Мендегі мәселе күйеуімнің анасы мен інісі. Күйеуім екеуміз сүйіп қосылдық. Аллаға шүкір екі ұлымыз бар, бақыттымыз", - деп сөзін бастады тұрмыстағы келіншек.

Ол енесі жақтырмайтынын, үнемі ұрыс шығарып отыратынын алға тартты.

"Осы уақытқа дейін сүйіп қосылған жарым мен балаларым үшін шыдап келдім. Екі апта бұрын кетіп қалдым. Күйеуім анасы мен бауырларын тастап, бөлек шыққысы келмейді", - деді әйел адам.

Тұрмыстағы келіншек ол үйге қайта барғысы келмейтінін айтып, тығырықтан шығудың жолын көпшіліктен сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1819457-kjeui-ekeuini-arasyn-ot-salatyn-enesinen-sarsagan-jel-myn-sakty.html