Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға келген шотландиялық туристер тауда қоқыс жинап кеткен (фото)

Опубликовано:

Алматы тауларында Шотландиядан келген қарт туристер қоқыс жинады. Үлкен Алматы көліне келген жұптар бірнеше қапшық қоқыс қалдықтарын жинаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / Анна Шелепова
Фото: Facebook / Анна Шелепова: Getty Images

Бұл туралы Анна Шелепова есімді Facebook қолданушысы жазған. Пол және Сандра есімді туристер Қазақстанның табиғатын көру үшін қонаққа келген. Медеу, Шымбұлақта көргендерінен шабыт алғанымен, Үлкен Алматыда көргендері олардың көңілін қалдырыпты.

Фото: Facebook / Анна Шелепова
Фото: Facebook / Анна Шелепова: Twitter

Сөйтіп, олар демалудың орнына балалары және немерелерімен бірге әкете алғандарынша қоқыс жинаған.

Фото: Facebook / Анна Шелепова
Фото: Facebook / Анна Шелепова: Twitter
"Адамдардың осындай біртүрлі сезімде кетулері өте өкінішті. Қалай ойлайсызлар, келген туристердің көргенінен басын шайқамай, сұлулыққа тамсанатындай адамдардың қоқыс тастауын доғарту үшін қандай механизмдер бар?", - деді Шелепова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819467-almatyga-kelgen-sotlandialyk-turister-tauda-kokys-zinap-ketken-foto/

pixel