RU

Балконда жыныстық қатынасқа түскен ер адам мен әйел қайтыс болды

Оңтүстік Америкада ер азамат пен әйел адам жыныстық қатынаспен айналысып жатып үшінші қабаттың балконынан құлап кетті деп хабарлайды Daily Mail-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оқыс оқиға Эквадорда орын алды. Үшінші қабаттан құлап кеткен ер азамат пен әйел адам қайтыс болды.

Көршісі қатты дауысты естігенін айтыпты. Содан кейін көшеге жүгіріп шыққанда, қайтыс болғандардың денесін көрген.

Көз жұмған әйел адамның жасы 28-де, азаматтың жасы 38-де екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1819489-balkonda-zynystyk-katynaspen-ajnalyskan-er-adam-men-jel-kajtys-boldy.html