RU
"Төрт күн бойы хабар-ошарсыз": Оралда 27 жастағы қыз жоғалып кетті

"Төрт күн бойы хабар-ошарсыз": Оралда 27 жастағы қыз жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Оралда туыстары Шаркубенова-Узахова Айгерімге іздеу салды. 27 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен, төрт күн бойы одан ешқандай хабар-ошар жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Айгерімнің туыстары мәлімдегендей, соңғы рет оны 2019 жылдың 27 қыркүйегінде көрген. Ол Гагарин көшесінде орналасқан үйінен шығып, із-түссіз жоғалған.

Полицияның мәліметінше, Айгерімнің үстінде қара плащ, джинсы, аяғында қара күдері етік болған.

Бойы – 160 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр. Көзіне жанарды жақсартуға арналған көзілдірік киген.

Осы қыз туралы қандай да бір ақпарат болса, мына нөмірлерге хабар беруді сұрайды: 87719057627 немесе 102.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel