RU
Шенеуніктің үйін тінту: Қазнетте ақша толы сөмкелердің видеосы тарады

Шенеуніктің үйін тінту: Қазнетте сөмке толы ақшалардың видеосы тарады

Рассказать Вконтакте

Желі қолданушылары ақша толы ондаған сөмке мен қораптар түсірілген видеоны таратып жатыр. Айтуларынша, кадрлар қазақстандық шенеуніктің үйін тінту барысында түсірілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Желідегілер көптеген сөмке, шабадан және қораптарда салынған бума ақшалардың видеосын талқылауда.

Кадрлардан бай адамның үйін тінтіп жатқаны көрінеді. Адамдардың мүлікті ашып, қайта скотчтап, оны мөрлеп жатқаны байқалады.

Пікір жазушылардың сөзіне сенсек, аталған бейнежазба Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың үйін тінту барысында түсірілген.

NUR.KZ сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке пікір алу үшін өтініш жіберді.

Естеріңізге салайық, әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейіннен, бұл ақпаратты сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет комитеті ресми растады.

Сіздің реакцияңыз
11
4
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel