RU
ШҚО-да 33 жыл бойы шашын қимастан өсірген әйел туралы білесіз бе? (фото)

ШҚО-да 33 жыл бойы шашын қимастан өсірген әйел туралы білесіз бе? (фото)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны - 59 жастағы Марфуға Кенжеханова 33 жыл бойы шашын қимай, өсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марфуға Кенжеханова. Фото: NUR.KZ

Марфуға Кенжеханова. Фото: NUR.KZ

Марфуға Оразақыновна Үржар ауданының Бестерек ауылында тұрады. Ол шашын Кеңес Одағы кезінен бері өсіріп келеді (1986 жылдан).

"Маған ұзын шаш қатты ұнайды, оларды күтуден қиналмаймын. Менің ойымша, бұл – әйелдің көркі мен денсаулығының басты көрсеткіші. Менің шашым жұбайыма да ұнайды. Ол тіпті, оны кесуге рұқсат бермейді", – дейді Марфуға.

Ол ұзын шаштың өзіне қолайсыздық туғызбайтынын жеткізді.

Марфуға Кенжеханова. Фото: NUR.KZ

Марфуға Кенжеханова. Фото: NUR.KZ

"Шаш күтуде қандай да бір ерекше тәсілім жоқ. Ауылда көп нәрсе қолжетімсіз ғой. Сондықтан да кәдімгі сусабынды қолданамын, дүкенде не сатылады, соны аламын.

Шашымды күніне екі рет жуамын, содан соң мұқият тараймын. Көріп тұрғаныңыздай, еш қиындығы жоқ.

Қазір мұндай ұзын шаш сирек кездеседі. Өйткені заманауи қыздарға бұл қолайсыз көрінетін шығар. Ал мен үшін шашым – бойтұмарым, сол үшін оны кеспеймін", – дейді ол Марфуға Кенжеханова.
Марфуға Кенжеханова. Фото: NUR.KZ

Марфуға Кенжеханова. Фото: NUR.KZ

Журналист: Алтын Нығман

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel