Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Араққа салынған күйеуінің досымен төсектес болған әйел азапты өмірін баяндады

Опубликовано:

Құрбысының арбауына түсіп, өзі қаламаған жігітке тұрмысқа шыққан келіншек сырымен бөлісті. Әйелдің сөзінше, ол күйеуінен талай жылдан бері қорлық көріп келген деп жазады Алаш айнасы.

Көрнекі фото: wallpapers.99px.ru
Көрнекі фото: wallpapers.99px.ru: UGC

Айсұлу (кейіпкердің аты өзгертіліп алынды) ауылда қарапайым, өте тұйық болып өскен қыз. Өзге қатарластары сияқты ешқайда қыдырмайтын. Алайда бір үні құрбысы қояр да қоймай үйіне шақырып алады.

"Ол менен бірер жас үлкендігі бар еді. Барсам, бет аузы қожыр-қожыр жасы отыздан асып кеткен дәу жігіт үйінде отыр. Құрбым үстелдің үстін жайнатып жіберіпті.

Жайшылықта көрінбейтін тәтті-дәмді мен коньяктар үстел үстінде самсап тұр. Аузым ашылып қалды. Сол үйде отырып, біраз әңгімелестік. Сосын олар мені күштегендей болып коньяк ішкізді.

Ақыры аз-маз масайып қалған мені құрбым әлгі дәу жігітке шығарып беріпті. Сөйтсем, мен сорлыны сол жігітке берудің амалын осылай тапқан сияқты", - деді әйел.

Содан ол алдына тасталған ақ орамал мен есіктің алдында жатқан кейуанадан аттап кете алмапты. Сөйтіп, өзі сүймейтін жанға жар атанған келіншектің өмірі арқанға байланған.

"Күйеуім нағыз есерсоқтың өзі болып шықты. Күн сайын ішімдік ішіп таяқтың астына алады. Кей кездері жайдан-жай сылтау тауып ұрып алатынды шығарды.

Бірақ соның бәріне көніп, ата-анамның алдына баруды ар санап келдім. Таяқ жегенімді айтып көмек сұрайтын жан да жоқ.

Өйткені сыртқы әлеммен еш байланыссыз таудың басында шошайып жалғыз түтін тұрамыз. Күндіз үй тірлігімен айналысып, кешке сиыр сауып, түнде қой күзететін болдым", - деді Айсұлу.

Сөйтіп, келіншектің аяғы ауырлап, бірінен соң бірі үш бала дүниеге әкелген. Бірақ күйеуі ішуін үдетпесе, тоқтатпапты. Тіпті, үйіне жолдастарын да әкеліп ішетін халге жеткен.

"Бір күні біздің үйге күйеуімнің жолдасы келіп, екеуі отырып, бірге арақ ішті. Түннің бір уағына дейін отырдық. Күйеуімнің жолдасы маған тиісе бастады.

Ал арақтың буына беріліп, көз алды қарауытқан күйеуімнің онымен жұмысы жоқ.

Алғашқы кездері қарсыласып бақтым. Дегенмен, жалғыз басты жаңағы жігіт торуылдауын қоймады. Тіпті, күйеуімнен гөрі жаңағы күйеуімнің жолдасын жиі көретін болдым.

Күн аралатпай жетіп келіп тұрады. Сөйтіп біртіндеп бір-бірімізге бауыр басып кеттік. Ақыры бірнеше айдан кейін менің сол жігіттен аяғым ауырлап қалды. Алдырып тастауға қимай жүргенде бұл істі күйеуім де естіп қалған.
Бұрынғы-бұрынғы ма? Таяқтың астына күнде алатынды шығарды. Әбден зықым шығып, төрт баламен не істерімді білмей дал болдым", - дейді келіншек.

Қаны әбден қарайған әйел анасымен ақылдаса келе үлкендерін төркініне қалдырып, кішісін қалаға алып кетіпті.

Ақыры басқа амалы қалмаған ол күйеуімен ажырасуға бел буған.

"Қазір әр жерге барып жұмыс іздеп жүрмін. Бірақ, мектептен кейін жоғары оқу орнын аяқтамаған жұмыс тәжірибесі жоқ адамды қайтсін. Жұмыс таба алар емеспін. Қанша жақын болғанмен, біреуге масыл болғанымды ойлап жүрегім қан жылайды. Енді не істесем деген мазасыз ойлардан түні бойы жастығым жасқа шыланады. Бірақ мұны тірі жан біліп жүрген жоқ", - дейді төрт баланың анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819513-arakka-salyngan-kjeuini-dosymen-tsektes-bolgan-jel-azapty-mirin-baandady/

pixel