Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен қазақпын" өлеңінің авторын білмеген әнші қыздар ұятқа қалды

Опубликовано:

Қазақ эстрадасына жаңадан қосылған “Crystalz” тобының қыздары Hit TV телеарнасының "IQ STAR” бағдарламасында қонақ болды. Әншілерге білімдерін тексеру мақсатында әртүрлі сұрақтар қойылды. Алайда бойжеткендер "Мен қазақпын" өлеңінің авторын білмей дал болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Бағдарлама шарты бойынша, жас әншілерге түрлі тақырыпта сұрақтар қойылды. Ал дұрыс жауап бере алмағны өзі туралы қызықты дерек келтірді.

Мәселен бағдарлама барысында әнші қыздарға "Мен қазақпын" өлеңінің авторы кім?" деген сауал жолданды.

Топ мүшелері патриоттық туындының авторы Мұқағали Мақатаев, Шоқан Уалиханов, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев деп айтты.

Қыздар қанша тырысқанымен бұл сұраққа дұрыс жауап бере алмады.

Бұны көрген желі оқырмандары Жұбан Молдағалиевтің "Мен қазақпын" өлеңін білмеген жас әншілерге ренішін білдірді.

"Қыздар, "Мен қазақпын" өлеңінің авторын білмеу, өте ұят. Жан-жақты болу керек", "Жұбан Молдағалиевтің атақты өлеңін білмеу үлкен сын", - деді олар.
Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819521-men-kazakpyn-leini-avtoryn-bilmegen-nsi-kyzdar-atka-kaldy/

pixel