RU
Алматы полициясы көлік базарларына рейд жүргізді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы полициясы көлік базарларына рейд жүргізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы полицейлері көлік базарларына рейд жүргізу барысында 100-ден аса күмәнді автобөлшектер тапты деп жазады қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматв қаласы ПД баспасөз қызметі

Фото: Алматв қаласы ПД баспасөз қызметі

Қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату фактілерін болдырмау үшін полицейлер осы күндері мегаполисте автокөліктердің қосалқы бөлшектері сатылатын сауда үйлерінің және базарлардың аумағында мақсатты рейдтер жүргізді.

"Бұл рейдтерге біздің бөлімнің, аумақтық полиция бөлімдерінің және ЖҚАЖ қызметкерлері қатысты.

"Кар Сити" сауда үйінде, сондай-ақ "Жібек жолы" автокөлік базарындағы жұмыс кезінде көлік бөлшектерін сататын сатушылардан ұрланған мүлік сипаттамасына сәйкес келетін заттар алынды.

Фото: Алматв қаласы ПД баспасөз қызметі

Фото: Алматв қаласы ПД баспасөз қызметі

"Кар Сити" сауда үйінде 164 дүкен тексеріліп, әртүрлі маркалы автокөліктердің бүйірлік әйнектері, әртүрлі өндірушілердің 5 аккумуляторлары алынды, ал "Жібек жолы" автобазарында 98 контейнер тексеріліп, нәтижесінде әртүрлі маркадағы автокөліктердің 7 бүйір әйнегі, сондай-ақ әртүрлі өндірушілердің 122 аккумуляторлары табылды.
Бәрін қосқанда, рейд барысында 41 бүйір әйнегі мен 127 аккумулятор алынды", - деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel