Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марқұм ағасына хабарлама жіберген ару күтпеген жерден жауап алды

Опубликовано:

Америкалық бойжеткен марқұм ағасының телефон нөміріне хабарлама жіберіп, күтпеген жерден одан жауап алған деп хабарлайды 360tv.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бойжеткен қызық оқиғасымен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Ол ағасына оны қатты сағынғанын жазған, ал келесі күні одан жауап алыпты.

"Сіздің біреуді сағынып жүргеніңіз өкінішті. Алайда, мекенжаймен шатастыңыз", - деп жазды абонент.

Бұл нөмірдің енді басқа біреуге тиесілі болғаны анықталды. Бойжеткен нөмірдің қайта іске қосылу сәтінен қорқып жүргенін сөз етті. Ол ағасының нөміріне бірінші рет хабарласып тұрмағанын да ашып айтты.

Телефон нөмірдің жаңа иесі аруға ағасы жайлы ойларын оған жазып тұруға ұсыныс тастады.

Ол қызды танымаса да, одан келген хабарламалар оның қытығына тимейтінін айтып, сендірді.

Нөмір иесінің сөзінше, қазір оның бөле әпкесі өлім аузында жатыр екен. Сол себепті ол бойжеткенді жақсы түсінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819546-markm-agasyna-habarlama-zibergen-aru-ktpegen-zerden-zauap-aldy/

pixel