RU
Ақша толы сөмкелер қай шенеунікке тиесілі екені белгілі болды (видео)

Сөмке толы ақшалар қай шенеунікке тиесілі екені белгілі болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазнетте шенеуніктердің бірінің үйін тінту барысында табылған ішінде ақша толы сөмкелер мен қораптардың видеосы тараған еді. Көпшілік мұндай байлықты қазақстандық шенеуніктердің бірінен тапқан деп ойлады. Алайда елдің болжамы дұрыс болмай шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Бұл виедоның жарық көргеніне бірнеше ай болғаны және ол Ресейде түсірілгені белгілі болды.

Ақша толы сөмкелер мен қораптар ресейлік шенеунік, ФҚҚ полковнигі Кирилл Черкалиннен табылған.

Бұл тінту жайлы осы жылдың мамыр айында ресейлік "360" телеарнасы мен бірнеше БАҚ хабарлаған. Сол кезде ФҚҚ "К" басқармасының басшысынан 12 млрд рубль (72 млрд теңгеге жуық) ақша тәркіленген.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін желі қолданушылары ақша толы ондаған сөмке мен қораптар түсірілген видеоны таратып жатқанын жазған едік.

Көпшілік видео қазақстандық шенеуніктің үйінде түсірілген деп болжаған-ды.

Сіздің реакцияңыз
7
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel