Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанға алғашқы қар жауды

Опубликовано:

Қыркүйек айының соңғы күнінде ел астанасы Нұр-Сұлтанға алғашқы қар түсті деп хабарлайды Sputnik Казақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sputniknews.kz/Абзал Қалиев
Фото: sputniknews.kz/Абзал Қалиев: Depositphotos

Атап өтейік, 30 қыркүйек күні синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжады. Күндіз температура 5-7 градус жылы болмақ.

"Қар - қыркүйек айы үшін қалыпты жағдай. Оған қоса біз дауылдық ескерту жібердік", - деп пікір білдірді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Саида Бердібекова.

Маманның мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын шашынсыз болады. Тек оңтүстік және оңтүстік шығыс өңірлерде жауын күтілуде.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда сейсенбі, 1 қазан күні ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.

Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градусқа дейін нөлден жоғары болады, ал күндіз 8-10 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Еске сала кетейік, 29-шы қыркүйекте Бурабайда қар жауған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819561-nr-sltanda-algasky-kar-zaudy-video/

pixel