RU
Көрпе тігіп, қыз жасауын дайындайтын қазақ жігіті жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Көрпе тігіп, қыз жасауын дайындайтын қазақ жігіті жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Құрақ құрау, көрпе тігу, қыздың жасауын дайындау негізінен әйел адамдардың ісі екені белгілі. Алайда, бес жасынан тоқыма өнерін меңгерген Нұрлан Жартыбеков бұл істе кез келген нәзік жандыдан кем түспейтінін дәлелдеп отыр. Он саусағынан өнер тамған талантты жігіт туралы Замана басылымы жазды.

Нұрлан Жартыбеков. Фото: Sputnik/ Айжана Джайлаубаева

Нұрлан Жартыбеков. Фото: Sputnik/ Айжана Джайлаубаева

Алматы облысы Қапшағай қаласында тұратын 30 жастағы Нұрлан Жартыбеков "Балдәурен – Қапшағай" республикалық оқу-сауықтыру орталығында көркем еңбек пәнінің мұғалім болып жұмыс істейді.

Негізгі мамандығы суретші бола тұра кішкентайтынан тоқымаға өте әуес. Бұл өнерге оны кезінде марқұм анасы үйреткен екен.

Тоқыма өнерінің арқасында Нұрлан Жартыбеков былтыр "КИнЭС" деп аталатын Қазақстанның рекордтар кітабына екі рет енген. Бірін­шісінде көзді жұма отырып, бір минутта 57 ілмек тоқып, жылдамдыққа жұмыс істесе, екіншісінде үш күн қатарынан үзіліссіз бас-аяғы 43 метр болатын мойынорағыш тоқып, рекорд орнатқан.

Ер азматтың ендігі мақсатым – тоқымадан әлемдік рекорд орнату.

Өнерпаз жігіт балаларға, әйелдерге арналған қыстық жемпірлер, көйлектер, сөмкелер де тоқиды. Ол бұйымдарының көбіне сатылымға шығатынын айтып, оған қажетті жіпті өзі қолдан иіріп, дайындайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, тоқымашы жігіт бір жылдан бері Қазақстанға енді ғана келіп жатқан паперкрафт өнерін де қолға алыпты. Бүгінде Нұрлан Жартыбеков кәдімгі А4 қағаздан сан түрлі мүсіндерді жасап жүр.

Айтуынша, әр затқа түрлі мөлшерде қағаз кетеді екен. Мәселен, бір арыстанның бейнесін келтіру үшін 300 бет А4 қағазы жұмсалыпты. Ол осындай жұмыстарымен халықаралық байқауларда екі рет гран-при жеңіп алған. Мұны тек тапсырыспен ғана емес, көрмелер үшін де арнайы жасайды екен.

Бұдан бөлек, Нұрлан Жартыбеков он жылдан астам уақыттан бері қыз жасауын тігумен айналысады. Құрақ та құрайды, көрпе де тігеді. Қыздың жасауын толығымен өз қолымен дайындай алады.

Бұл істе жұбайының ара-тұра көмектескені болмаса, көрпе-көрпешені көбіне өзі тігеді.

"Әйелдің, ердің ісі деп бөлмей, қолдан келіп тұрса, неге аянбай жасай бермеске? Қазақы өнерімізді неге дамытпас­қа?" – дейді Нұрланның өзі.

Бүгінде ер азамат жарымен бірге Жасмин есімді екі жасар қызды тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
2
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel