RU
Президент Асқар Мамин мен Дариға Назарбаеваны қабылдады

Президент Асқар Мамин мен Дариға Назарбаеваны қабылдады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Мамин мен парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Akorda.kz

Фото: Akorda.kz

Кездесу барысында премьер-министр Асқар Мамин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері, шетелдік инвестицияларды тарту барысы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру, өңірлерді дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндаған.

Сондай-ақ Асқар Мамин мемлекет басшысына 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы жайында да ақпарат берді.

Президент үкімет басшысына қазан айының ортасында өтетін экономикалық даму мәселелеріне арналған үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.

Ал сенат төрағасы мемлекет басшысына парламенттің жоғары палатасы жұмысының жай-жапсары мен заң шығару қызметінің жоспары туралы айтқан.

Президент Жолдаудың негізгі бағыттарын сапалы заңнамамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel