Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ренжідім": Мақпал Жүнісова Алматы әкімдігіне назын білдірді (видео)

Опубликовано:

Халық әртісі, сахна еркесі Мақпал Жүнісова Алматы әкімдігіне өкпелі. Оған себеп өнер иесінің жыл сайын тойланатын қала күніне шақырылмауы деп хабарлайды shownews.kz бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter
"Алматы күні", "Алматы түні" деген сияқты бір концертіне қатыстырған жоқ. Неге шақырмайтынын кім біледі, мен де білмеймін. Мен бір таяқ ұстап жүрген, жүре алмайды дейтіндей ата-апа емеспін ғой. Ары-бері секіріп, гәстрөлдетіп жүрген адамбыз. Бірақ, мені шақырмайды", - деген әнші назын жеткізді.
"Қанша әкім ауысты. Бір әкім маған "Мақпал, айналайын. Мына қала күніне келіп, маған ән салып бер" деп айтқан жоқ. Шақырмаған жерге мен бармаймын. Мен ренжідім", - деді халық әртісі.

Көпшіліктің ерке қызына айналған эстрада жұлдызының ендігі үміті Бақытжан Сағынтаевта.

"Жаңадан келген Сағынтаев ағамыз мүмкін басқаша әкім шығар. Ендігі жылы мені шақыратын шығар" ,- дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819605-renzidim-makpal-znisova-almaty-kimdigine-nazyn-bildirdi-video/

pixel