Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар көзінен жастың орнына "гауһар тас" ағатын бойжеткеннің құпиясын ашты

Опубликовано:

Мамандар көзінен жастың орнына "гауһар тас" ағатын армениялық Сатеник Казарянның жағдайын саралай отырып, бұл тылсым құбылыстың сырын ашты деп хабарлайды НТВ арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Мамандар сараптама жүргізіп, армениялық Сатеник Казарянның көзінен нақты қандай кристаллдар ағатынын анықтады.

Келіншектің үйіне барған кезде журналистер материалдарды жинап, тексеріске жіберген. Белгілі болғандай Сатениктің көз жасы "кристаллды" болмай шыққан.

"Өндірістік шыны. Нағыз табиғи түрі. Мұны зертхана растады", - деп әңгімеледі геммолог Ольга Радионова.

Сондай-ақ, дәрігерлердің сөзінше, ағзада мұндай көлемді "кристаллдардың" пайда болуына бірнеше сағат емес, айлар қажет болады екен.

Бұдан бөлек ағзада шыны өндірілмейді.

Кейбір мамандардың пікірінше, бойжеткен Мюнхгаузен синдромымен, яғни, адамның өз-өзіне зардап келтіретін психологиялық бұзылумен ауруы да мүмкін екен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін көзінен жастың орнына "гауһар тас" ағатын армениялық ару жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819607-mamandar-kzinen-zasty-ornyna-gauar-tas-agatyn-bojzetkenni-kpiasyn-asty/

pixel