RU
Сүйіктісінің қалыңдық гүлін қағып алғанын көрген жігіт тойдан қашып кетті

Сүйіктісінің қалыңдық гүлін қағып алғанын көрген жігіт тойдан қашып кетті

Рассказать Вконтакте

Америкалық жұп Facebook желісінде достарының тойында түсірілген қызықты бейнежазбамен бөлісті. Видео желі қолданушыларының көңілін көтерген деп хабарлайды ridus.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Радиус

Фото: Радиус

Желіде жарияланған кадрдан қыз жолдастың қалыңдық гүлін қағып алғанын көруге болады. Бұл сәтте той қонақтары қыздың сүйіктісінің реакциясын бақылап тұрған.

Гүлді өзінің қызы ұстап алғанын түсінген ер адам бірден орнынан тұрып, қаша жөнелген. Ол қоршаудан секіріп өтіп, көлігіне мініп, ізіне суытады.

Бойжеткен желіге сүйіктісінің іс-әрекетін жариялап: "Үнемі қыз жолдас болып, бір де бір рет қалыңдық болмаған мен. Неліктен екенін көріңіз", - деп жазды ол.

Белгілі болғандай, ер азамат үйленуден мүлде қашпайды екен. Ол бар болғаны қалжыңдағысы келген. Қос ғашық колледждегі оқуын бітіре салысымен тойларын өткізуді жоспарлап жүр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel