RU

2018 Қытай Қазақстанға қарсы әскери операция жасауы ықтимал

АҚШ қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша американдық футуролог ғалымдар "Ауа райы мәліметі: 2012-2020" атты болжамға толы баяндама жасады. 

Оған сенсек, болашақта ауызсу, қуат көздері, құнарлы әрі шұрайлы жер үшін адамзатты жойқын соғыс күтіп тұрған көрінеді. Болжам авторлары  Питер Шварц пен Дуглас Рэндоллдің сараптамасы ғаламшарымыздағы климаттың ғаламдық өзгерісіне негізделген.

Бұрын-соңды болмаған алапат апаттарды ескерсек, мұндай зерттеу жүргізудің өзектілігіне ешқандай күмән жоқ. Мәселен, 1,5 ғасыр аралығында есепке ілінген зілзала мен соңғы 15 жылда болған жер сілкінісінің саны теңескен.

Екі жыл бұрын Гаитиде 300 мың адам опат болды. Былтыр қыркүйек айында шелектеп жауған жаңбырдың кесірінен Германия су астында қала жаздады. Жапониядағы табиғи апат өз алдына бөлек әңгіме.Бұдан кейін жағдай тіпті де ушыға бермек. Американдық ғалымдардың пікірінше, алдымыздағы жылдар барлық құрлықтағы саяси ахуалды асқындыруы ықтимал. Пентагон алдын алуға әзір болуы тиіс қатерлердің тізімі де жасалған. Американдық ғалымдардың болжамынша, алдағы апаттардың кестесі былай түзіледі:Еуропа- Табиғаттағы ауытқушылық келесі қыста-ақ білінеді. 2012 жылы Скандинавия халқы қатты суықтың кесірінен Еуропаның оңтүстігі мен Ресейге қарай қоныс аудара бастайды. Еуропаның солтүстігіндегі боран Саханың қытымыр табиғатынан асып түспесе, кем түспейтін болады.- 2015 жылы Еуропада суды, азық-түлікті және қуат көздерін бөлісу мәселесінде қақтығыстар болуы ықтимал.

2015 жылы Еуропада суды, азық-түлікті және қуат көздерін бөлісу мәселесінде қақтығыстар болуы ықтимал.

 

- 2018 жылы Ресей Еуроодаққа өтіп, еуропалықтар қуат көздеріне оңай қол жеткізеді.- 2020 жылы Скандинавия, Голландия, Германия халқы оңтүстікке қарай - Италия, Испания, Грецияға жаппай көше бастайды. Су жетіспеушілігі мен көші-қонға байланысты жанжалдар көбейеді.- 2022 жылы Франция мен Германия Рейн өзеніне таласып, жанжал туады.2025-27 жылдары еуропалық одақ күйреудің алдында тұрады. Еуропа халқы Солтүстік Африка, Израиль мен Түркияға қарай жаппай көше бастайды. 2030 жылға қарай Еуропа халқының 10 пайызы көшіп кетеді.Азия- 2012 жылдары Жапония бас амандығы үшін құрлықтан жер басып алу ниетімен көршілеріне қарсы агрессия жасауы мүмкін.-  2015 жылы Токио мен Мәскеу арасында Сібір мен Сахалиннің қуат көздерін пайдалану туралы стратегиялық келісім бекітіледі.

-2018 жылы Қытай Қазақстанға қарсы әскери операция жасауы ықтимал. Ондағы мақсат - Қазақстанның жерімен өтетін газ және мұнай құбырларына бақылау орнату.

-2018 жылы Қытай Қазақстанға қарсы әскери операция жасауы ықтимал. Ондағы мақсат - Қазақстанның жерімен өтетін газ және мұнай құбырларына бақылау орнату.

- 2020 жылы Оңтүстік-Шығыс Азияда Үндістан, Қытай, Вьетнам, Лаос, Мьянма және басқа елдерді шарпыған үлкен соғыс болады.- 2025 жылы Қытайда азаматтық соғыс болуы кәдік. Бұл дүркін-дүркін шекаралық қақтығыстарға ұласады.- 2030 жылдары Жапония мен Қытай арасында қақтығыс болады. Олар Ресейдің табиғи ресурстарына қол жеткізу үшін өзара қырқысады.Америка- 2012 жылы Кариб аралдарының халқы жаппай АҚШ-қа, Мексика мен Американың өзге елдеріне  қарай ағыла бастайды.- 2015 жылы АҚШ Еуропадан келетін мигранттар толқыны астында қалады. Олардың көбі - бай адамдар.- 2016 жылы АҚШ пен Еуроодақ арасында теңізден балық аулауға қатысты жанжал туады.- 2020 жылы мұнай бағасы шарықтап өседі. Парсы Шығанағы мен Каспийде ірі қарулы қақтығыстар болуы ықтимал.

2020 жылы мұнай бағасы шарықтап өседі. Парсы Шығанағы мен Каспийде ірі қарулы қақтығыстар болуы ықтимал.

 

- 2025 жылы осыған байланысты Парсы Шығанағында АҚШ пен Қытайдың әскери теңіз күштері арасында қақтығыс болады.

- 2015 жылы АҚШ Еуропадан келетін мигранттар толқыны астында қалады. Олардың көбі - бай адамдар.

Шварц пен Рэндоллдің пікірінше, осы қырғындардың негізгі себебі - теңіздегі ағыстардың бағытын өзгертуі болмақ. Солардың ішінде Гольфстрим де бар. Оңтүстік жарты шарды аптап ыстық  шарпиды. Соның кесірінен су тапшылығы туып, шөл-шөлейттер басады. Ауыл шаруашылығына жарамды жер азаяды. Қытай, Үндістан мен Пәкістанға бұл қатты соққы болып тиеді. Билікті ұстап қалуы үшін, бұл елдердің элитасы аймақта үлкен соғыс бастайды.Ғаламдық сұмдық соғыс нәтижесінде әлемнің саяси картасы қайта сызылады. 2018 жылы сыртқы қауіптен қорғану үшін Канада, АҚШ және Мексика бір мемлекетке бірігеді. Солтүстік Америка қорғаныс министрлігінің басты міндеті Кариб аймағы мен Еуропадан келетін мигранттар тасқынына тосқауыл қою болмақ.

Ғаламдық сұмдық соғыс нәтижесінде әлемнің саяси картасы қайта сызылады. 2018 жылы сыртқы қауіптен қорғану үшін Канада, АҚШ және Мексика бір мемлекетке бірігеді.

Қос Корея ақыры бірігеді. Жаңа ел Сеулдің ядролық қаруға, Пхеньянның жаңа технологияларға ие болуына игі септігін тигізеді.

 "Свободная Пресса" мәліметі бойынша

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/181964-2018-kytaj-kazakstanga-karsy-eskeri-operacziya-zhasauy-yktimal.html